Мектептен тыс жұмыс
бойынша қалалық
балалар-жасөспірімдер орталығы

Виртуалдық қабылдау

«Арабеск»

Қаңтардың 27-сі сағат 14.00-де облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында жылы отбасылық жағдайда «Арабеск» би ансамблінің «Біз миллиондармыз» атты концерттік бағдарламасы өтті. «Арабеск» ансамблінің есептік концертінде осындай жылы атмосфераны бірден сезінесің, өйткені әр концертте ұжым қатысушыларының позитивті энергиясы бүкіл залды баурап алады. Дене қимылдарын жетік меңгерген балалар — қимыл-қозғалыстар арқылы жас жанның құлшынысын көрерменге жеткізеге тырысты. Ансамбльдің жас қатысушылары үшін бұл үлкен сахнадағы шығармашылық дебют, олар да өз ептілігі мен қуатымен көрермендер жүректерін жаулап алды. Осы кеште сахнаға түрлі бимен 140 бала шақты.

Ансамбльдің есептік концерттерінде зал көрермендермен үнемі толық болады — ол ата-әжелер, ана-әкелер, мұғалімдер, тәрбиешілер, таныс-жолдастары, ұжымның бұрынғы қатысуышлары және Арабесктің бір концертінде болып, олар өнері табынушыларына айналған көрермендер тағы бір жылға күш-қуат алу үшін жиі келеді.

Ансамбль «Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы» КММ 2003 жылы құрылды, жетекшісі Т.А. Кравченко, ұжым көрермендерді қуантып, өз шығармашылық қызметін жалғастыруда.

31.01.2019
Қараулар: 1351
Мы раскроем талант в
каждом ребенке!