Мектептен тыс жұмыс
бойынша қалалық
балалар-жасөспірімдер орталығы

Виртуалдық қабылдау

«Ауылдық әкім болғым келеді» байқауының қорытындысы жасалды

2019 жылғы қарашаның 27-сі Қазақстан халқы Ассамблеясында «Ауылдық әкім болғым келеді» байқауының қорытындысы жасалды, аталмыш іс-шараға «Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы» КММ 13 тәрбиеленушісі қатысты. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді және Тұңғыш Президент күніне арналды. Барлық жұмыстар қызықты, ойластырылған, қазылар алқасы назырына лайықты болды. Өз суреттерінде балалар ауылды өздері қалай көргісі келетіндей бейнелеп, шығармаларында бүгінде ауылдың қандай мәселелері бар, олардың шешу жолдары жайлы ойларын жазды. «Егер мен ауыллық әкім болсам, ауылық округім қандай болар еді?» тақырыбындағы суреттер номинасында Викторяи Мустафаеваның («Достық» БЖК, жетекшісі В.Г.Кох), Алина Корчагинаның («Жас батыр» БЖК, жетекшісі В.Н.Хворых), Марина Целыхтың («Родник» БЖК, жетекшісі Е.В. Стегней) жұмыстары ерекше сыйлықтармен аталып өтті. «Ауылдық округтің әл-ауқатын жақсартудағы ауылдық әкім ролі» тақырыбындағы эссе номинациясында жеңісті Владимир Каримов («Юность» БЖК, жетекшісі А.Б. Абдрахманова) иеленді. МЖҚБЖО басқа тәрбиеленушілері қатысқандары үшін грамоталар және сыйлықтармен марапатталды. Байқау ұйымдастырушылары Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығының педагогикалық ұжымына өңіріміз үшін маңызды іс-шараға белсене қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Марина Мощенко,
«Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы» КММ әдіскері

28.11.2019
Қараулар: 1058
Мы раскроем талант в
каждом ребенке!