Мектептен тыс жұмыс
бойынша қалалық
балалар-жасөспірімдер орталығы

Виртуалдық қабылдау

Жалпы білім беретін мектептердің 7-8-сынып оқушылары арасындағы «Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны

Жалпы білім беретін мектептердің 7-8-сынып оқушылары арасындағы «Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны

Жасөспірімдерде патриотизм сезімін мен спорттық жарыстарда жеңіске жету ынтасын тәрбиелеу мақсатында Мамлютка қаласының балалар интернаты негізінде 2019 жылғы 01 маусымнан 03 маусым кезеңінде «Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны өткізілді.

Жарыстарға Солтүстік Қазақстан облысының аудандары мен Петропавл қаласының командалары қатысты. Петропавл қаласының командасын «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ «Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы» КММ «Жас батыр» балалар-жасөспірімдер клубы таныстырды.

Команда саны – 6-8-сыныптардан 11 оқушы (3 қыз және 8 ер бала). Ойын мына жарыс түрлері бойынша өтті:

  • тізерлеп тұрып ашық көздеуішпен пневматикалық винтовкадан ату (арақашықтық 10 метр, № 8 нысан);
  • газтұмылдырықты уақытқа кию;
  • гранатаны дәлдікке лақтыру, қашықтық 20 метр, жертаса ені 1 метр;
  • сап және ән байқауы;
  • 1000 метрге жүгіру;
  • «жаралыға көмек көрсету және тасымалдау» әскери-медициналық дайындығы;
  • күштемелі жаттығулар; ер балалар аспада тартылу, қыздар кеудені жерден көтеру;
  • «Біз жас әскерміз» эстафетасы;
  • «Қазақстан тарихының ерлік парақтары» сайысы;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихының ерлігін көрсететін патриоттық әндерді сахналау байқау-сайысы.

Жарыстар өткізілуі нәтижесі бойынша орындарды иеленді:

  • 1-орын – Уәлиханов ауданының командасы;
  • 2-орын – Петропавл қаласының командасы (МЖҚБЖО);
  • 3-орын – Айыртау ауданының командасы.

Жүлделі орынға ие болған жарыс қатысушылары медальдер және тиісті дәрежедегі грамоталармен марапатталды.

«Жас батыр» БЖК педагог-ұйымдастырушысы
В. Хворых

06.06.2019
Қараулар: 1357
Мы раскроем талант в
каждом ребенке!