Мектептен тыс жұмыс
бойынша қалалық
балалар-жасөспірімдер орталығы

Виртуалдық қабылдау

«Есірткісіз болашақ» айдарымен өткен ХІV Балалар-жасөспірімдер клубтары Спартакиадасының жабылуы

Маусымның 21-і «Есірткісіз болашақ» айдарымен өткен Балалар-жасөспірімдер клубтары Спартакиадасы-2019 салтанатты жабылуы өтті. Бұл реті бойынша 14-ші Спартакиада, оны Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы жазғы демалыс кезеңінде жыл сайын өткізеді. Екі апта бойы 8 спорт түрі: дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, бес асық, жеңіл атлетика, үстел теннисі, стрибол, шағын футболдан жарыстар өтті. Спорттық азарт, жеңіске жету ынтасы, команда рухы тәрбиеленушілерге жақсы нәтиже көрсетуге себін тигізді. Жақсы нәтижеге жеткен және Спартакиаданың жалпы есебі бойынша бірінші үш орынға ие болған клубтар кубок, грамота, медальдер мен құнды сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз атанғандар: «Балдырған» БЖК 178 ұпаймен І орынды иеленді, «Достық» балалар-жасөспірімдер клубы 137 ұпаймен екінші атанды, «Қайсар» БЖК алдағы клубтан 1 ұпайға артта қалып, ІІІ орынға жайғасты. Сонымен қатар, өз спорт түрінде жүлделі орындарға ие болған қатысушылар грамота, медальдер мен құнды сыйлықтармен марапатталды, шағын футболда қосымша 4, 5, 6-орындаға ие болған командалар доптарды сыйға алды.

Марапаттау рәсіміне Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі бөлім қызметкерлері қатысты. Олар жас спортшыларға қолдау көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған клубтарға үстел ойындарыy сыйлады.

«Арабеск» би ансамблінің өнер көрсетуі құттықтаулар мен сыйлықтарға жарқын қосымша болды, осы жылы ұжымға «үлгілі» деген атағына орынды берілді. Флешмобтың тартымды ырғақтары мен көркем костюмдер ешкімді бейжай қалдырмады. Жарысқа қатысушылар алаңнан жаңа жеңіске деген ынта және келесі спорттық жарыстарды күту сезімімен кетіп жатты.

25.06.2019
Қараулар: 1063
Мы раскроем талант в
каждом ребенке!