Мектептен тыс жұмыс
бойынша қалалық
балалар-жасөспірімдер орталығы

Виртуалдық қабылдау

Мақсаттар мен міндеттер

1. Жалпы ережелер

1. «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі – «Мекеме», жалпы білім беретін мектептер негізіндегі балалар-жасөспірімдер клубтар, спорттық секциялар желісі арқылы тұрғылықты жері бойынша балалар, жасөспірімдердің мазмұнды бос уақытын қамтамасыз ету үшін жедел басқару құқығында мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мектептен тыс ұйым болып табылады.

2. «Мекеменің»заңдық мәртебесі

1. «Мекеме» қалалық білім бөлімінің теңгерімінде, «Мекеменің» ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген бланкілері, мөрі, мемлекеттік және орыс тілдерінде мекеменің атауы бар мөртабаны, сондай-ақ белгіленген үлгідегі маңдайшасы бар. 

3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

1. «Мекеме» өз қызметін белгіленген тәртіпте бекітілген бағдарламалар бойынша және міндеттері мен құзыретіне сәйкес жүзеге асырады. 

2. «Мекеме» жалпы білім беретін мектептер негізіндегі балалар-жасөспірімдер клубтары, спорттық секциялар желісі арқылы тұрғылықты жері бойынша балалар, жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастыру бойынша үйлестіру-әдістемелік орталық болып табылады. 

3. Негізгі мақсаттар: 

  • кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау, нашақорлық және тәуелді болудың басқа түрлерінің алдын алу, жан-жақты дамыған, әлеуметтік бейімділік деңгейі жоғары әлеуметтік-қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру, Қазақстандық патриотизм мен азаматтық адамгершілікті тәрбиелеудің ұзақ мерзімді механизмі ретіндегі жасөспірімдердің алғашқы әлеуметтік бағдарлау орталығын құру;
  • мектептен тыс уақытта қызығушылықтары бойынша балалар, жасөспірімдердің мазмұнды білім алатын бос уақытын қамтамасыз ету.

4. Міндеттер: 

  • интеллектуалды даму, рухани-адамгершілік тәрбиесі, қызығушылығы, бейімделуі мен қабілеттерін, кәсіптік өзанықталымын қанағаттандыру;
  • секцияларға белсенді қатыстыру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу;
  • клуб, мектеп, отбасы және жұртшылықтың тәрбиелік ықпалының бірыңғай пәрменді жүйесін құру;
  • балалар мен жасөспірімдер арасында физикалық денсаулықты нығайтуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және жаттықтыру жұмыстарын өткізу;
  • балалар, жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту бойынша жұмыс;
  • балалар, жасөспірімдердің бірінші медициналық көмек көрсету саласында білімдердің төменшегін алуы, сондай-ақ өзінің физикалық жағдайын бағалаудың қарапайым амалдары негізін меңгеруі;
  • айналысушылар санынан қоғамдық негіздегі нұсқаушылар мен спорттық төрешілер дайындау;
  • физикалық дамуында негұрлым дарынды балаларды балалар-жасөспірімдердің спорт мектептеріне, мектеп-интернаттары мен олимпиадалық резерв мектептеріне жолдау;
  • жас таланттарды айқындау, дамыту және қолдау;
  • ұжымшылды жүйесін қалыптастыру;
  • дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс арқылы салауатты өмір слатын қалыптастыру;
  • құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, «тәуекел тобы» балаларымен терең жұмыс;
  • аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау;
  • балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру демалысын ұйымдастыру, туған өлке бойынша туристік жорықтар;
  • жұмыссыз педагогтер, өнер, мәдениет, қолданбалы шығармашылық, техникалық қызметкерлер үшін қоғамдық ақы төленетін жұмыстар ұйымдастыру;
  • балалар-жасөспірімдер клубтары қызметінің құқықтық негіздерін тұжырымдау;
  • балалар-жасөспірімдер клубтарының материалдық-техникалық базасын дамыту;
  • балалар-жасөспірімдер клубтарының қызметін БАҚ ақпаратық қамтамасыз ету;
  • өз жұмысының түпкі нәтижесі үшін педагогикалық ұжым жауапкершілігін арттыру.

5.«Мекеменің» қойылған мақсаттары мен міндеттеріне жету жүзеге асырылады:

  • жалпы білім беретін мектептер негізінде БЖК және секциялар қызметін ұйымдастыру;
  • балалар және жөсөспірімдермен жұмыс жасауда инновациялық технологияларды, бос уақыт педагогикасының заманауи әдістемесін енгізу;
  • жалпы білім беретін мектептер, спорттық мекемелер, құқық қорғау органдары және нашақорлық, тәуелді болудың басқа түрлерінің алдын алу, қылмыс жасауды болдырмау бойынша өзге ұйымдармен ынтымақтастық;
  • «Мекеме» қызметінде пайдалануы мүмкін ақша қаражаты, тауар-материалдық құндылықтар түрінде қалалықтар, түрлі меншіктегі ұйымдардың ерікті арналарын тарту арқылы.
Мақалың шыққан күні: 06.10.2015 07:42
Мы раскроем талант в
каждом ребенке!