Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және Солтүстік Қазақстан облысында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде ақпарат
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ, облыстық ведомствоға қарысты білім беру ұйымдарында 2018 жылғы 6 наурыздан 12 наурызды қоса алған кезіңде және 2018 жылғы 28 қарашадан 30 қарашаны қоса алған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәекелдерін ішкі талдаулары төмендегі бағыттар бойынша өткізілді:
- нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау;
- ұйымдастыру-басқару қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді айқындау.
Айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдер нәтижелері бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірленіп, жіберілді.
Білім басқармасы басшысының м.а. 2019 жылғы 3 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздікті қалыптастыру бойынша 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітті, онда білім беру ұйымдарына оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелерін қарауды тәрбие жұмысы жоспарларына енгізу ұсынылды.
Оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптатсыру және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 жарлығын орындау мақсатында 1-4-сыныптарға арналған «Дүниетану» және 9-11-сыныптарға арналған «Адам. Қоғам. Құқық» пәндері бойынша үлгі оқу бағдарламаларына ҚР БҒМ 2013 жылғы 03.04. № 115 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Қоғамтану», «Тарих», әдебиет пәндері сабақтарында пән мұғалімдері оқушыларда құқықтық мәдениетті қалытастырады. Пәндер мазмұны «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеяны іске асыруға, оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігін және олардың сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптатсыруға бағытталған. Оқушылар жеке және жария құқықтық заңнамалық нормалары, құқықтану мен сыбайлас жемқорлық заңнамасының негіздері туралы білім алады.
Пән курстарын зерделеу барысында оқушыларды қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікте тәрбиелеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлық этика қағидаттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы амалдарды, мемлекеттің сыбайлас жемқорлық саясатының ерекшелігіне, кәсіби әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға ерекше көңіл бөлінеді.
Бастауыш мектепте «Дүниетану» пәні аясында тақырыптар психологиялық-жас ерекшеліктер ескеріліп, әзірленген және азаматтық ұстанымды, еңбекке деген құрметті, табиғат ресурстарына ұқыпты қатынасты қалыптастыруға бағытталған.
Барлық білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, жұмыс істейді. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеттері жыл сайын аудандық және облыстық деңгейде өткізіледі. 2018 жылғы 26 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті облыс әкімінің орынбасары М.Д. Қожахметтің қатысуымен Петропавл қаласындағы Жастар сарайында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық өңірлік слетін өткізді.