Кәсіптік бағдар орталығы «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы» КММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз қызметінде Орталық Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, білім органдарының нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын басшылыққа алады.
Орталықта кәсіптік бағдардың ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және консультациялық жұмысы шоғырланған. Білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері, психологі, әлеуметтік педагогі, кітапханашысы және өзге де қызметкерлерінің СҚО Кәсіпкерлер палатасымен, жергілікті атқарушы органдармен, кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларымен кәсіптік бағдар жұмысын үйілестірілуіне атсалысады.
Орталық қызметінің негізгі мақсаты — кәсіптік бағдар, жеке және топта консультациялар беру, сондай-ақ түрлі мамандықтар туралы материалдармен өздігінен, қандай да бір мамандыққа физикалық және психологиялық талаптармен танысу, оқушылар мен жастарда болашақ мамандыққа негізделген жоспар және одан әрі кәсіби білім алу жолын қалыптастыру мәселелері бойынша мұғалімдер, оқушылар және ата-аналармен ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу үшін жағдай жасау.
Орталықтың негізгі қызметі — кәсіптік бағдар. Жұмыс барысында шешілетін міндеттер:
- мамандықтар, өндіріс пен кәсіпорындар салалары, қала, өңірдегі еңбек нарығының жағдайы мен даму преспективасы жайлы ақпаратты жинау, жүйелендіру және жалпылау;
- жеке тұлғаның жеке қабілеттерін ескерумен мониторинг негізінде оқушылар мен жастардың қызығушылығы, қабілеттерін зерделеу және кәсіби ниеттерін қалыптастыру;
- кәсіптік бағдар бойынша консультация, кәсіптік бағдар іс-шараларын өткізуде оқу орындарына кәсіптік бағдар қызметтерін көрсету;
- ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, оқушылардың жұмыс орындарына кәсіби бейімделуі.
Орталық қызметінің бағыты: кәсіптік бағдар.
Жыл сайын Орталықтың материалдық базасы колледж, кәсіпорындардың ақпараттық стендетірмен, брошюралары, әдістемелік материаладырмен толықтырылады. Мамандықтар, өндіріс пен кәсіпорындар салалары жөніндегі ақпаратты жинау, жүйелендіру және жалпылау өткізіледі.
Кәсіптік бағдар орталығы кәсіпорын, зауыт, колледж, ЖОО-мен кездесулер ұйымдастырады.
Орталық қалалық, облыстық кәсіптік бағдар іс-шаралары — кеңес, семинар, конференция, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға қатысады. Кәсіпкерлер палатасымен бірге Жас кәсіпкерлер клубын құрды. Ай сайын ашық есік күні өткізіледі, Жас кәсіптік бағдарлаушы мектебі жұмыс істейді.
Жыл сайын кәсіптік бағыт бойынша тестілеу өткізіледі. Оқушылардың қызығушылықтар мен қабілеттері айқындалады, мамандықтар топтары анықталады, болашақ мамандық таңдау мәселесінде кеңестер беріледі.
Оқушылардың мамандықты саналы таңдауға дайындық — орталықтың маңызды әлеуметтік-педагогикалық міндеті. Өз мамандығын таңдау еңбек қызметінде жетістікке жету, оны орындаудан қанағат болу және жұмыс бойынша өсу, тез өзгеретін әлеуметтік-экономикалық және кәсіби-өндірістік ортаға табысты бейімделе алатын функционалды сауатты, кәсіби икемді мамандар дайындау негізі болады. Мамандық мазмұнын талдай, өз кәсіби мүмкінідктерін бағалай білу және осы негізде өмірлік және кәсіптік таңдау жасау — қазіргі заман жалпы білім беретін мектеп түлегінің негізгі құзыры.