Мектептен тыс жұмыс
бойынша қалалық
балалар-жасөспірімдер орталығы

Виртуалдық қабылдау

«Мамандық таңдау — жол таңдау» кәсіби шеберлік байқауы

Кәсіптік оқыту сапасын арттыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау, өндірістік оқыту түрі, әдіс пен амалдарын жетілдіру мақсатында «Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы» КММ Кәсіптік бағдар орталығы Гуманитарлық-техникалық колледжбен бірлесіп жұмысшы мамандықтарды меңгеріп жатқан шығармашыл жастарды анықтайтын кәсіби шеберлік байқауын өткізді.

Байқаудың негізгі міндеттері — оқушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, талантты және шығармашыл тұлғаларды, мамандықта үздіктерді айқындау, жұмысшы мамандықтар беделі мен мәртебесін арттыру.

Байқау Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары арасында өткізілді. Кәсіби шеберлік байқауын дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырды:

  • Мерк А.А. — ГТК директоры;
  • Мощенко Ю.В. — МЖҚБЖО директоры;
  • Есентаев Ж.К. — ГТК директорының тәжрибе жөніндегі орынбасары;
  • Плотникова И.Н. — МЖҚБЖО әдіскері;

Номинациялар үшін ГТК жауапты мамандары:

  • «Компьютерлік технологиялар үздік операторы» — Абишев Р.К.;
  • «Үздік токарь» — Ковалев Е.А.;
  • «Автомобиль ісінүздік білгір» — Озинковский В.А.;
  • «Үздік бухгалтер — 21 ғасыр көшбасшысы» — Успанова А.Ж.;
  • «Жарнама саласында үздік білгір» — Успанова А.Ж.;
  • «Радиоэлектромеханика саласында үздік» — Воробьев Г.М.;
  • «Үздік балташы» — Бисенова Г.К.;
  • «Туризмнің үздік білгірі» — Шереметьева Г.В.

Кәсіби шеберлік байқауы жыл сайын бірнеше кезең бойынша өткізіледі: теориялық және практиалық тапсырмаларды орындау. Теориялық тапсырма таңдаған мамандығы бойынша сұрақтардан тұрады, оған 30 минут уақыт бөлінеді. Практикалық тапсырмалар бағалануы: орындалған жұмыс сапасы; қауіпсіздік техникасы сақталуы; техникалық және технологиялық талаптар сақталуы; уақыт нормасы мен жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша жүргізіледі. Практикалық тапсырманың жалпы бағасы оны құрайтын элементтер жиынты ретінде анықталады. Практкиалық тапсырманы орындауға 1 сағаттан көп емес уақыт беріледі.

Кәсіби шеберлік байқауының мамандық бйоынша үздік оқушы бойынша қорытындын жасауды қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырады. Байқау қазылар алқасының мүшелері байқау қатысушыларының машық жұмыстарына және байқау тапсырмаларымен белгіленген шекте теориялық дайындық деңгейіне баға берді. Байқау барысында қазылар алқасының мүшелері еңбек амалдарының дұрыстығын, жұмыс жасаудың технологиялық сауаттылығын, тапсырманы орындау уақытын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптары сақталуын бақылады.

Байқау жеңімпаздары байқау тапсырмаларын орындаудың үздік көрсеткіштері бойынша анықталды.

Байқау тапсырмаларын орындау нәтижелерін бағалаудың негізгі критерийлері:

  • еңбек өнімділігі және орындалған тапсырмалар сапасы;
  • теориялық дайындық деңгейі;
  • тиімді амалдар мен еңбек әдістерін қолдануы;
  • байқау тапсырмасы уақытының оқушылар нормасын (өнімділігін);
  • байқау тапсырмаларын орындауда оқушылардың өздігінен өндірістік жұмыс жасау деңгейі; жұмыс пен жұмыс орнын тиімді ұйымдастыруы;
  • байқау тапсырмаларын орындау барысында еңбек қауіпсідігі талаптарын сақатуы.

Екі қатысушыда байқауға белгіленген көрсеткіштер тең болуында өндірістік оқыту бойынша көрсеткіштері жақсы оқушыға артықшылық беріледі.

Кәсіби шеберлік байқауының қазылар алқасы жеңімпаздарды атап, қорытынды жасады:

1. «Компьютерлік технологиялар үздік операторы»:

I орын — Шаймерденов Дамир — № 4 ОМ, Миннемулин Халиль — № 10 ОМ;
II орын — Лупачев Михаил — № 4 ОМ;
III орын — Зальтаев Дәулет — № 9 ОМ.

2. «Үздік токарь» номинациясы:

I орын — Карбонов Новруз — № 7 ОМ;
II орын — Пучков Дмитрий — № 7 ОМ.

3. «Автомобиль ісін үздік білгір» номинациясы:

I орын

  • Крапивин Павел — № 40 ОМ;
  • Өмірқак Алтынбек — № 6 ОМ;
  • Анохин Владимир — Мамлют № 1 мектеп-гимназиясы.

II орын — Гординский Никита СШ № 4:

  • Бабыкпаев Глеб — СШ 4;
  • Кредин Александр — СШ № 10.

III орын — Коваленко Леонид — Белов ОМ Мамлют ауданы.

4. «Үздік бухгалтер — 21 ғасыр көшбасшысы» номинациясы:

I орын

  • Ломакина Юлия — № 4 ОМ;
  • Петроченко Виолетта — № 40 ОМ.

II орын

  • Кравчук Елизавета — № 9 ОМ;
  • Гвоздь Ирина — № 40 ОМ.

III орын

  • Баяндина Жанель — № 6 ОМ;
  • Тасанбаева Айсұлу — № 10 ОМ.

5. «Жарнама саласында үздік білгір» номинациясы:

I орын

  • Вдовина Мария — Бірінші лицей;
  • Колесникова Анастасия — Бірінші лицей;
  • Сатыбалдин Тамерлан — № 7 ОМ.

II орын

  • Пильтяева Виктория — № 4 ОМ;
  • Жасұлан Алмат — Тайынша ОМ.

6. «Радиоэлектромеханика саласында үздік» номинациясы:

І орын — Семыкин Никита — № 9 ОМ

7. «Үздік балташы» номинациясы:

I орын

  • Латфулин Ильдар — № 31 орталау мектеп;
  • Коханович Артем — № 9 ОМ.

II орын — Жуков Дмитрий Мамлют № 2 ОМ

III орын

  • Баяндина Жанель — № 6 ОМ;
  • Тасанбаева Айсұлу — № 10 ОМ.

8. «Үздік заңтанушы» номинациясы:

I орын

  • Ялунина Дарья — Бірінші лицей;
  • Перепечаев Алексей — № 7 ОМ.

II орын

  • Ахматов Рустам — № 40 ОМ;
  • Байынышқызы Аружан — № 6 ОМ.

III орын

  • Галеев Дамир — № 4 ОМ;
  • Огарков Владимир — № 42 ОМ.

9. «Туризмнің үздік білгірі» номинациясы:

I орын

  • Кан Вера — Бірінші лицей;
  • Шарипов Вадим — № 42 ОМ.

II орын

  • Кубасова Анастасия — № 9 ОМ;
  • Островская Яна — Якорь ОМ.

III орын Гулеева Елизавета — Бірінші лицей

10. «Web-дизайн саласында үздік» номинациясы:

I орын 

  • Куликов Владислав — № 21 ОМ;
  • Долгушин Никита — № 7 ОМ.

II орын

  • Заварзина Ксения — «Көктем» БДК (педагог Калтушкина Л.Е.);
  • Артюхов Роман— № 42 ОМ.

III орын — Керимов Архат — № 21 ОМ.

11. «Сызу саласында үздік» номинациясы:

I орын — Абдрахиева Фариза — Бірінші лицей;
II орын — Говорова Ульяна — Бірінші лицей;
III орын Никитенко Анна — Бірінші лицей.

Байқау жеңімпаздары грамоталармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Инга Плотникова
МЖҚБЖО әдіскері

13.03.2019
Қараулар: 1354
Мы раскроем талант в
каждом ребенке!