Мектептен тыс жұмыс
бойынша қалалық
балалар-жасөспірімдер орталығы

Виртуалдық қабылдау

Әлем балалар көзімен

Қаңтардың 5-сі «Родник» балалар-жасөспірімдер клубында балалар шығармашылығы байқауы өтті. Аталмыш байқау мақсаты мен міндеттері: балаларда шығармашылық арқылы қоршаған ортаны қорғау үшін азаматтық жауапкершілігін қатыптастыру; экологиялық білімді тарату, табиғатты қорғау идеяларын насихаттау; қоқысты екінші рет пайдалану және кәдеге жарату проблемасына оқушылар назарын аудару; ұлттық қолөнері дәстүрлерімен байланысты декоративтік-қолданбалы шығармашылығының түрлі бағыттарын дамыту; туған өлке табиғатын зерделеуге қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Байқауға материалдар мына номинациялар бойынша ұсынылды:

  • «Туған табиғат ғажаптары» — қызықты табиғат құбылыстар фотосуреттері, СҚО аумағында түсірілген жануарлар мен өсімдіктер әлемінен кадрлар.
  • «Сиқыршы табиғат» — тырбиған ағаш, бұталар, бұтақ, түбіршіктен экспонаттар.
  • «Қоқтық-Арт немесе қоқтық жинау уақыт» — қажеті жоқ заттар, пайдаланбайтын киім, аяқ киім, тұрмыс заттарынан, құрылыс материалдары қалдықтарынан, тері, мата, қағаз, пластик қиындыларынан жасалған бұйымдар.
  • «Өз қолымен жасалған 2019 жыл нышаны» — кез келген материалдан, кез келген техникада бұйым жасау, «Ойыншық» — бір қатысушының кез келген техникада жасаған жұмысы.

Бұл көрме нағыз сұлулық, мейірімділік және қуаныш арманымен өмір сүретін автор балалар қиялының туындылары, олар үйлесіп, біріккен нағыз айналмашақ болды.

Қазылар алқасы жас автордардың креативтілігін, қоршаған әлемге көзқарас сұлулығын, қиялдардының өрісін бағалады. Тілек білдіргендер үшін оригамиден шеберлік сыныбы өткізілді. Үздік жұмыстар естелік сыйлықтар мен грамоталармен марапатталды.

28.01.2019
Қараулар: 1200
Мы раскроем талант в
каждом ребенке!